Нақтырақ айтсақ, ширек финалда Әлішер Ерғалиді ұтқан әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Бахрейн балуаны Ахмед Тажудинов финалға дейін сүрінбей жетті.
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ертең еркін күрестен Әлішер Ерғали қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Нақтырақ айтсақ, ширек финалда Әлішер Ерғалиді ұтқан әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Бахрейн балуаны Ахмед Тажудинов финалға дейін сүрінбей жетті.
Ол жартылай финалда Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы және 2 мәрте күміс жүлдегері Кайл Снайдерден (АҚШ) айласын асырып, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша отандасмызға жұбаныш белдесуінде бақ сынауға мүмкіндік туды.
Енді ертең отандасымыз Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуіне қатысып, қола жүлдеге таласады. Әуелі ирандық Әли Әмір Азарпирамен күреседі. Ал қола медаль жолында Кайл Снайдерге қарсылас болады.