$ 494.87  520.65  4.91

Несібе: Биыл Демеу Жадыраев ұзақ жыл күткен баласын бауырына басқан

Демеудің Париждегі жетістігі – немеремнің несібесі.

Фото: Reuters
Фото: Reuters

Демеу Жадыраев Париж олимпиадасына жолдама ұтып алғанда келіншегі 5 жыл күткен тұңғышы Дананы дүниеге әкелген. Олимпиаданың күміс жүлдегерінің анасы Күлипа Бижанова немересінің қадамы құт болып, ұлының биік белесті бағындырғанын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бішкекте Олим­пиадаға жолдама ұтып алды. Сол жарысқа барғанда ке­лінім босанып, немерелі болдым. Демеудің бес жыл күткен тұңғышы – Дана қызым өмір есігін ашты. Немеремнің аяғы алтын! Демеудің Париждегі жетістігі – немеремнің несібесі. Асыға күткен немереміз әкесінің жолын оңғарып, жетістікке же­туіне септігін тигізді. 
Боз кілемде ұлымның өз-өзіне сенімді болғанын байқауға болады. Оның күмісі біз үшін алтынға бергісіз! Финалды үйде қала және ауыл әкімі, Талдықорған, Қапшағай, Алматыдан кел­ген журналистер және туыстармен отырып бірге тама­шаладық. Алматыдағы ұл-қыздарымды да шақырып алдым. Демеудің жары үш айлық баламен үйде отырған соң келе алмады. Адам саны көп болғандықтан, үйде көруге мүмкіндік бол­мады. Сондықтан аулаға теледидар қойып, бәріміз бірге көр­дік. Сонау Кегеннен Нұрбақыт келді. Оның анасы да қасымыздан табылды. Осындай сәтте қуанышымызды бөліскен оларға алғысым шексіз», – деді ол turkystan.kz-ке берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары