Бүгін Париж Олимпиадасының соңғы күні.
Париж Олимпиадасында 11 тамыз, жексенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың екі түрінен — еркін күрес пен жеңіл атлетикадан бақ сынайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдымен 11:00-де жеңіл атлетикадан Жанна Мамажанова марафонға қатысады.
Ал 14:00-де еркін күрестен Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде сынға түседі.
Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында алуы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы спорттың 25 түрінен сынға түсті. Олимпиада ойындарының алауы 26 шілдеде тұтанған болатын. Төртжылдық басты додаға әлемнің 205 елдің 10 500 спортшысы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.