$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық спортшылар 2024 жылғы Олимпиада ойындарын аяқтады

Ел құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен әзірше 41-орынға тұрақтап тұр. 

Фото: Reuters
Фото: Reuters

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жарысты толық аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еркін күресте Әлішек Ерғали (97 келі) жұбаныш белдесуінде бүгін сынға түсті. Бұл бәсекеде қазақстандық балуан ирандық Амир Али Азарпирге есе жіберді. Салдарынан ол қола жүлдеге қол жеткізе алған жоқ. Осылайша ел құрамасынан соңғы болып жарысты аяқтады. 

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарында жалпы есепте жеті медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 3 қола. Жалғыз алтынды дзюдодан Елдос Сметов (60 келіге дейін) жеңіп алды. 

Қазақстандық спортшылар тұғырдың екінші сатысына үш рет көтерілді. Гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим стилінің балуаны Демеу Жадраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін). Олимпиадада үшінші болып Назым Қызайбай (бокс, 50 келіге дейін), атқыштар Александра Ле және Ислам Сәтбаева (аралас командалық жарыстар) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев болды.  

Айта кетсек, Париж Олимпиадасында қазақстандықтар 25 спорт түрінен 92 жолдамаға ие болған еді. 

Ел құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен әзірше 41-орынға тұрақтап тұр.

Париж Олимпиадасы бүгін мәресіне жетеді. Салтанатты жабылу рәсімі Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары