$ 494.87  520.65  4.91

«Ережелердің жетегінде кеткім келмейді»: Амир Закиров Олимпиадада не үшін жеңілгенін айтты

Бірақ өзіме көңілім толды. 

 

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық Амир Закиров брейникгтен Париж Олимпиадасында көрсеткен өнері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол өз сөзінде төрешілердің талаптары мен өзінің көрсеткен өнері сай келмегенін айтты.

«Өзіме өнер көрсетуім қашан да ұнайды (күлді). Дегенмен, төрешілердің өз талаптары бар. Жеңу үшін белгілі бір би түрін көрсету қажет. Ал мен әркез өз қалауымша билеуге тырысамын, спортта болу керек ережелердің жетегінде кеткім келмейді. Өкінішке қарай, сол ережеге сай мен бірінші, екінші не үшінші орында да емеспін. Бірақ өзіме көңілім толды.

Атмосфера өте жақсы. Мен үшін достарым жанымда болуы маңызды. Өз адамдарым барын білсем, өзімді жақсы сезінемін.

Кішкентай мемлекеттердің тумасына бұндай деңгейде өнер көрсету қаншалықты қиын екенін білемін. Қысым жоғары. Мысалы, Еуропа, Америка үшін бұл қалыпты жағдай. Біздің жүріп өткен жолымыз қиын, сол үшін қатты қобалжимыз. Дегенмен бәрі де мүмкін.

Мен Солтүстік Қазақстан тумасымын. Бұл аймақтан басқа атлеттер бар-жоғын білмеймін. Өзіңе сенсең, бәрі де мүмкін дегім келеді", - деді А.Закиров.

Сондай-ақ, ол Олимпиадаға келудегі мақсаты жеңіс емес екендігін айтты. Ол брейкингті тамашалаған жас ұрпақты шабыттандырғысы келетінін атап өтті. 

"Кеудемде еңбек ауылы бейнеленген. Балалық шағым өткен үйімнен түсірілген сурет. Өкінішке қарай, бірнеше жыл бұрын бұл жерде өрт шықты. Оқыс жағдай кезінде әкем мен атам көз жұмды. Сондықтан, бүгін брейкинг арқылы өз отбасымды, ауылдан шыққан жолымды көрсеткім келді. Мен үшін бұл өте маңызды. Бұл қолымнан келді деп ойлаймын», - деді Закиров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары