12.08.2024, 13:20

«Land Cruiser 300, пәтер, бір үйір жылқы»: Демеу Жадыраевқа екі облыс жарысып сыйлық табыстап жатыр (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желі

Спортшының алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков және жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа Haval көлігін мінгізді.

Париж Олимпиадасында 77 келі салмақта грек-рим күресінен күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраевқа екі күннен бері көрсетіліп жатқан қошемет ерекше, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  Күні кеше елге оралған спортшыға Алматы мен Жетісу облыстары жарысып сыйлық жасауда. Алматы облысы Талғар қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев спортшыға «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады. Ал туған жері Панфилов ауданында спортшыға Toyota Land 300 және 50 000 доллар берілді. Одан бөлек, алдына 1 үйір жылқы салып берді. Спортшының алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков және жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа Haval көлігін мінгізді.