$ 494.87  520.65  4.91

«Екеуіміз интернатта бірге өстік»: Бақыт Сәрсекбаев бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкеріне жазба арнады

Сендер тарих жасадыңдар! 

Фото: instagram.com/b.sarsekbayev/
Фото: instagram.com/b.sarsekbayev/

Бокстан Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж олимпиадасында 5 алтын алған Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкерінің ерлігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бақыт Сәрсекбаев Париж олимпиадасында бокстан 5 алтын алып, айды аспанға бір-ақ шығар Өзбекстан құрамасының бас бапкерін ерлік жасап, тарих жаңартқанымен Instagram желісіндегі парақшасында құттықтады. 

"Мен Толқынды бала күнімнен білемін. Екеуіміз интернатта бірге оқып, бірге өстік. Тәлім алған ұстаздарымыз да бір. Сол шақтағы достығымызды ұмыту мүмкін емес! Бауырым, Толик! Сені шәкірттеріңнің жарқын жетістігімен құттықтаймын! Сендер тарих жасадыңдар! Сенің еңбекқорлығыңды жақсы білемін, осы жетістік үшін барыңды салдың. Саған зор денсаулық тілеймін!", - деді Бақыт Сәрсекбаев. 

Айта кетейік, Толқын Қылышев Парижде шәкірті Хасанбой дусматовтың жеңісін тойлау кезінде кенеттен жүрегі тоқтап қалып, ауруханаға түскенін жазған едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары