Ол жекпе-жекке шыққысы келеді.
UFC президенті Дана Уайт ирландиялық файтер Конор Макгрегор қашан жекпе-жек өткізетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы nur.kz-ке сілтеме жасап.
"Біз сөйлестік, ол жекпе-жекке шыққысы келеді. Біз бұл мәселені шешеміз. Алайда ол биыл жекпе-жекке шықпайды", - деді Дана Уайт ESPN-ге берген сұқбатында.
Дегенмен, Конор Макгрегор Х желісіндегі ресми парақшасында желтоқсан айында жекпе-жек өткізгісі келетінін және қыркүйекте дайындықты бастап кететінін мәлімдеді.
"Аһ, Дана, жекпе-жекті желтоқсан деп белгілейік. Келесі айда мен дайындықты бастаймын. Желтоқсан! Дана мен UFC-ге желтоқсан айында кездесуге шыққымыз келетінін айтыңдаршы. Біз желтоқсан айында жекпе-жекке шығуға әбден лайықпыз", - деп жазды Конор Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасында.
Конор Макгрегор 2021 жылдың шілдесінде Дастин Порьемен кездесуде аяғын сындырғаннан бері жекпе-жек өткізбеді. Файтер биылғы жылдың 29 маусымында UFC 303 турниріне Майкл Чендлерге қарсы кездесу өткізбек болған, бірақ Макгрегор саусағын сындырып алып, жекпе-жекке 16 күн қалғанда бас тартуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, Конор Макгрегор осы уақытқа дейін 28 кездесу өткізіп, 22 жеңіске жетсе, 6 рет жеңілген.