15.08.2024, 18:00

Демеу Жадыраев мемлекеттен берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты

Фото: ҰОК

Отбасымызбен ойланамыз. 

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев олимпиададағы жетістігі үшін мемлекеттен берілетін қаржыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Грек-рим күресінен Париж олимпиадасында күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраев мемлекеттен берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын әлі шешпегенін айтты.

“Әлі мемлекеттің беретін сыйақысын алған жоқпыз. Алдымен сыйақыны алайық, сосын көре жатармыз. Бұл отбасымыздың қорына, бюджетіне түсетін ақша болмақ. Сондықтан отбасымызбен ойланып, көре жатамыз. Қажетті орындарға жұмсаймыз”,– деді Демеу.