$ 478.93  534.96  5.16

Боксшы Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегі жарияланды

Турнир 28 қыркүйекте Алматыдағы «Алматы Аренада» өтеді.

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar/
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar/

All Stars Boxing компаниясының баспасөз қызметі танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz сайты мәлімдеді.

– Қазақстандық боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде қолғап түйістіреді, - деп хабарлады компаниядан.

Турнир 28 қыркүйекте Алматыдағы «Алматы Аренада» өтеді.

Еске сала кетейік, Елеусінов кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында Астанада аргентиналық Хуан Эрнан Леалға қарсы өткізіп, төрешілер бірауыздан Даниярға басымдық беріп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титулды жеңіп алған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары