$ 495.2  522.34  4.94

Легионерлерді бюджеттің ақшасынан қаржыландыруды тоқтату керек - Аслан Қаженов (ВИДЕО)

184 спорт бар, соның тек 12-13-ін қалдыру керек. 

Жиырма күн бойы әлемнің 7 млрд халқы көз тіккен төртжылдықтың басты додасы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Франция астанасы Парижде өткен спорт додасында Қазақстан 7 медальды қанағат тұтты. Қазақстан үшін Олимпиаданың алғашқы күні қуанышқа толып, дзюдодан тарихи жеңіс сыйлап, қоржынымызға алғашқы алтынды салған Елдос Сметовтен кейін басқа спорт түрлерінен тек сүрінумен келеміз. Әсіресе бокстан есе жібермейтін, қара күшпен танылған қазақ боксшыларының жолы болмай, халықтың еңсесі түсіп қалғандай. Легионерлер неге үмітті ақтамады? Qasqa Jol YouTube арнасы осы тартысты әрі сұраққа толы Олимпиада ойындары туралы Парижде 20 күн жүріп, спортшылардың басы-қасында болған спорт журналисі Аслан Қаженовтің ойын білді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Париж Олимпиадасындағы нәтиже көптің көңілінен шықпады. Орынды. Бұған спортшы мен бапкер ғана кінәлі емес, айналасында шешілмеген көптеген түйткілді мәселелер бар. Осыған назар аударуымыз керек. Спорт саласында сабақтастық жоқ деп ойлаймын, егер бәрі бір-бірімен байланысса, онда осы уақытқа дейін керемет нәтижеге қол жеткізер едік. Халық көзі ашық, бәрін көріп отыр, өздері бір түйін жасар», деді журналист.

Сондай-ақ, ол легионерлердің жүлде алмағанына қуандым дейді.Өйткені олардың орнына қазақ балалары барып, олимпиадаға қатысу керек.

«Жалдамалы әскер жанын салып соғыспайды, деген сөз бар. Соның көрінісі осы Олимпиада кезінде қатты сезілді. Мәселен Рыбакина бронхитпін деді, Путинцева тізесі ауыратынын айтты, енді бірі шыға салып жеңіліп қалды. Бас-аяғы 11 легионеріміз бар еді, ешқайсысы үмітті ақтамады. Қазаққа жаны ашитын қазақтың ұл-қыздары, олар секілді ешкім үмітті ақтамайды. Осыны ескеру керек. Елімізде легионерлерді қаржыландыруға қатаң тыйым салу керек», деді Аслан Қаженов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары