$ 494.87  520.65  4.91

Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Қайрат Тұрсұнқанұлы Сәтжанов - 54 жаста.

Фото: Vesti.kz
Фото: Vesti.kz

Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайрат Тұрсұнқанұлы Сәтжанов - 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі. Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған.

2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері. Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды. 2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген. 2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) алды.

Қайрат Сәтжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.

Еске салайық, Мырзағали Айтжанов бастаған бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 8
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары