$ 498.34  519.72  4.85

«Бұл кімнің идесы?»: Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы мектептің орнына басқа нысан бой көтерген (ВИДЕО)

Қазақтың екі алыбын бір атқан мінгестірген..

Фото: kazgazeta
Фото: kazgazeta

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Түркістанда боксшы Бекзат Саттархановтың спорт мектебінің орнына басқа нысан бой көтергенін айтып, марқұм спортшының анасының шағымын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Марқұм боксшының айтуынша, 2001 жылы Нұрлан Балғымбаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт сарайын салғызған. Алайда уақыт көле қазіргі құрылыспен айналысып жатқан мердігерлер аталған сарайды сүргізіп тастап, орнына қайта жаңасын салатынын айтқан.

"Алайда бәрі біз ойлағандай болмады. Қазір бұл жерде құжат бойынша Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылғалы жатыр. Дегенмен Бекзаттың аты берілген спорт кешен 2000 жылы ашылған мекеме еді. Уәде берген адамдар неге сөзінде тұрмады? Екі қазақтың алып азаматын неге бір атқа мінгестіреді. Бұл кімнің идеясы, кімнің ойы? 80-ге келген ананың қарғысынан неге қорықпайды", деп ашынды аңыз адам Бекзат Саттархановтың анасы.

Айта кетейік, жаңа салынып жатқан спорт кешеннің жобасын «Купол» ЖШС компаниясы жасаған. 2021 жылдың мамыр айында басталған кешеннің құрылысын «Строй сервис» мердігерлік компаниясы жүргізіп жатыр. Аумақтың жалпы ауданы 1,8 га, спорт кешенінің ауданы 7 мың шаршы метр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 11
Күлкілі 0
Ашулы 21

Серіктес жаңалықтары