$ 494.87  520.65  4.91

«Мырзағали Айтжановпен кетемін»: Сәкен Бибосынов желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Біреу менің атымнан осындай хейт таратып жатыр.

Фото: sportplustv.kz
Фото: sportplustv.kz

Желіде Сәкен Бибосынов бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болған Мырзағали Айтжановтың соңынан кетпек деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бибосынов бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Бұл жалған. Біреудің ойлап тапқаны. Мұндай ақпарат таратқандарға таңғалдым. Адамдардың назарын аудару үшін не нәрсеге болсын барады?! Мен олай айтқан жоқпын. Біреу менің атымнан осындай хейт таратып жатыр", – деді спортшы.

Боксшы әлі ешкімге сұхбат бермегенін айтты. 

"Әлі ешкімге сұхбат берген жоқпын. Маған да бұл ақпаратты жіберіп жатқандар көп. Көпшілікке айтарым: сенбеңіздер, бұл – хейт", – деді Бибосынов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары