$ 478.93  534.96  5.16

«Журналист хайп қуды»: Қоянбаев белгілі футболшының сөзіне қарсы шықты

Мысалы, Германияда Испаниядан келген бапкерге неміс тілінде сұрақ жолдаса ол «хайп» емес.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Белгілі футболшы Нұралы Әліп өзінің сұхбатында Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналистің әрекетін хайпқа теңеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1bol.kz сайтының Instagram-дағы парақшасындағы осы жаңалыққа белгілі актер Нұрлан Қоянбаев пікір қалдырып, футболшының сынға алды.

«Қазақстанда журналист қазақша сұрақ қойса, ол «хайп» емес. Мысалы, Германияда Испаниядан келген бапкерге неміс тілінде сұрақ жолдаса ол «хайп» емес. Өйткені ол Германияда жүрген жаттықтырушы», - деді Нұрлан Қоянбаев футболшыны белгілеп.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Неге орысша сұрамайсыз?»: Черчесовке қазақша сұрақ қойған Нұрсұлтан Құрман ұнамай қалды

Ал Нұралы Әліп Ресейдегі Андрей Аршавин және Владислав Радимовпен подкастта мұны журналист тарапынан болған «хайп» деп бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары