Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жабылып, бағалы сыйлықтар табысталды.
"Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз", - деді бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан соң Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман қызметінен босатылған еді. Кейін Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.