27.08.2024, 17:40

«Балуан – барлық жерде балуан»: Елдос Сметов пен Демеу Жадыраев Ақордада күресті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Видеодан Сметов пен Жадыраевтың бір-бірімен амандасып, артынша күресте қолданылатын қимылдарды көрсетіп жатқанын көруге болады.

Олимпиада жүлдегерлері Елдос Сметов пен Демеу Жадыраев Ақордада әзілдесіп, күрес кезіндегі әрекеттерді қолданып көрді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгін Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездескен еді. 

Журналист Әділ Балтабаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында спортшылардың Президентпен кездесуге дейінгі өзара қал сұрасып жатқан сәтін жариялады. 

"Балуан - Ақордада да балуан", - деп жазды журналист.

Видеодан Сметов пен Жадыраевтың бір-бірімен амандасып, артынша күресте қолданылатын қимылдарды көрсетіп жатқанын көруге болады.