03.09.2024, 16:00

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Фото: fckairat.com

Команданың баспасөз қызметі келісімшарт екі тараптың өзара келісімі бойынша бұзылғанын хабарлады.

Ресейлік маман Александр Кержаков «Қайрат» командасы бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Команданың баспасөз қызметі келісімшарт екі тараптың өзара келісімі бойынша бұзылғанын хабарлады. Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді.

Александр Кержаков «Қайрат» командасына мамыр айының соңында келген. Оның жетекшілігімен команда 12 матчқа қатысты: 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсті, 3 рет қарсыласына есе жіберді.