Бокс кеші 19 қазан АҚШ-та өтеді.
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) рингке қашан оралатыны айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Badlefthook.com мәліметінше, бокс кеші 19 қазан АҚШ-та өтеді. Оның басты айқасында аустралиялық Тим Цзю (24-1, 17 КО) ресейлік Бахрам Муртазалиевпен (22-0, 16 КО) бірінші орта салмақта IBF титулы үшін жұдырықтасады.
"Дэн Рафаэль Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) - Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) жекпе-жегі үшін промоутерлік сауданы No Limit Boxing компаниясы 351 мың доллармен жеңіп алғанын хабарлады. Жәнібектің ісін жүргізетін Top Rank 350 мың доллар ұсынған еді.
Әлімханұлы салмақ өлшеуден өте алмай қалғаны, енді, міне, мынау бар, бұл Боб Арумның абыройына соққы болды. Жәнібек былтыр қазаннан бері жұдырықтаспады және ешбір чемпионды титулды айқасқа шығара алмады.
Енді IBF белбеуінен бас тартып, WBO титулын ғана сақтап қалса болады, бірақ қазіргі таңда басқа ешқандай мүмкіндіктер болмай тұрған сияқты. Оның үстіне No Limit бұл жекпе-жекті Тим Дзюдің андеркардына қосады. Меніңше, бұл түсімі мол шара болады", - делінген материалды.