$ 484.11  528.79  5.03

Ризабек Айтмұхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

97 келіде белдескен балуанымыз қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, өзінің мықтылығын мойындатты.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан екінші рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ризабек Айтмұхан Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. 97 келіде белдескен балуанымыз қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, өзінің мықтылығын мойындатты. Алғашқы айналымда әлем чемпионы, ирандық  Абдулфаазл Бабалуды 12:1 есебімен ұтса, ширек финал мен жартылай финалдағы қарсыластарын да уақытынан бұрын жеңді. Ал финалда әзірбейжандық Касрановты 10:0 есебімен ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанды. 

Айта кетейік, бұған дейін грек рим күресінен Қазақстан құрамасы Испаниядағы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 22
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары