$ 478.96  533.03  5.22

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды (ВИДЕО)

Ойындар бүгін басталып, 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бағдарламаға түрлі ұйымдар мен облыстық шығармашылық ұжымдарды қоса алғанда, шамамен 3000 өнерпаз қатысуда. Ойындардың ашылу рәсіміне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия президенттері және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Айта кету керек, Ойындарда 21 ұлттық спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады, ал жарыстарға 89 елден шамамен 2700 спортшы мен ресми тұлға қатысады.

Ойындар бүгін басталып, 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын еліміздің «Қазақстан», «Қазспорт», «Хабар», «Ел арна», «Жібек жолы», «Silk Way», «Sport Plus» арналарымен қатар, Түркияның TRT AVAZ арнасы, Қырғызстанның 5 телеарнасы, халықаралық «Мир», «Мир 24» арналары, Ресейдің «Старт LIVE» спорт арнасы, Татарстанның «ТНВ Қазан» телеарнасы, Өзбекстан мен Түркіменстанның мемлекеттік арналары тікелей эфирде көрсетеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Көшпенділер ойындары тарихында бұндай халықаралық деңгейде ауқымды телехабар тарату бірінші рет қолға алынып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары