09.09.2024, 13:40

Көкпардан ұлттық құрама Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді (ВИДЕО)

Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметі

Финалдық ойындарды 12 қыркүйек күні «Qazsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар!

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:00 есебімен жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алға шықса, ал екінші таймда есепті 16:00-ге жеткізді.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі.

Финалдық ойындарды 12 қыркүйек күні «Qazsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар!