$ 494.87  520.65  4.91

Жәнібек Әлімханұлының менеджері күтпеген мәлімдеме жасады

Шетелге барып дайындалып үлгермейміз.

Фото: instagram.com/toprank
Фото: instagram.com/toprank

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зелендиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізбек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан X желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық боксшының алдағы жекпе-жегі туралы жазды.

"Құрметті жанкүйерлер! Жақында жекпе-жек, сол үшін дайындықты елде бастап кеттік. Әр күн маңызды! Шетелге барып дайындалып үлгермейміз. Промоутерлік сауданы қарсылас тарап ұтып алғанын білесіздер. Жекпе-жекті келесі айға қойып жатыр. Бұйыртса екі титулды қорғаймыз. Қарсылас сол баяғы Андрей!", - деп жазды Берік Сұлтан.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі керек еді. Алайда қазақстандық боксшы салмақ өлшеу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан, кездесу өтпеді. Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылы қазанда шаршы алаңға шыққан еді. Ол Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі рекорды – 15-0. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары