$ 494.87  520.65  4.91

Алтын жауған күн: Көшпенділер ойынында аударыспақтан бірден үш алтын қоржынға түсті

"Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді.

Фото: ulttyqatsport.kz
Фото: ulttyqatsport.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек және Дарын Өткелбай алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын, – деді аударыспақтан ұлттық құрама спортшысы Ермек Құралбай.

Ал, Алмат Ләтіпбек аударыспақтан екінші алтынды жеңіп алды. Сонымен қатар, Дарын Өткелбай аударыспақтан үшінші алтын жүлдеге ие болды.

"Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 

10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары