10.09.2024, 19:00

Жанқош Тұраров жақында елді тағы өзіне қаратпақ

Фото: Azattyq Ruhy

Осының арқасында ол IBO белбеуін қорғап қалды және WBA Gold титулын иеленді.

Бірінші орта салмақта IBO және WBA Gold чемпионы Жанқош Тұраровтың (28-0, 20 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

All Stars boxing мәліметінше, 33 жастағы қазақстандық боксшы 28 қыркүйекте жеңіліп көрмеген және қарсыласының бәрін нокаутқа түсірген венесуэлалық Хесус Корреа Пинтомен (16-0, 16 КО) жекпе-жекке шығады. Бұл айқас Almaty Arena шаршы алаңында өтеді.

Жанқош былтыр желтоқсан айында Алматыда жұдырықтасып, жапониялық Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңді. Осының арқасында ол IBO белбеуін қорғап қалды және WBA Gold титулын иеленді.