12.09.2024, 15:40

Қазақстан көкпардан Көшпенділер ойынының чемпионы болды (ВИДЕО)

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі

Көкпардан финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын  5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.  

Алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды. Үзілстен кейін «алтын салым» салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды. Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.