$ 478.96  533.03  5.22

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Отандасымыз міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек өткізеді.

Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images
Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы  vesti.kz-ке  сілтеме жасап.

Worldboxingnews мәліметінше, Жәнібек 19 қазан АҚШ-тың Орландо қаласындағы Caribe Royale Resort шаршы алаңында өтетін бокс кешіне қатысады. Әлімханұлы міндетті қарсыласы болып бекітілген Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек өткізеді.

Әлімханұлы - Михайлович айқасы Тим Цзю - Бахрам Муртазалиев шоуындағы басты жекпе-жектің бірі болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары