$ 494.87  520.65  4.91

UFC басшысы Шавкат Рахмоновқа қатысты жаңалығымен қуантты

Шавкаттың келесі жекпе-жегін жақын арада күту керек. 

Фото: © Sean M. Haffey / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
Фото: © Sean M. Haffey / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

UFC басшысы Дана Уайт ММА жанкүйерлерін қуантты. Жартылай орта салмақта әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған қазақстандық Шавкат Рахмонов октагонға оралатынын хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Уайттың айтуынша, Шавкаттың келесі жекпе-жегін жақын арада күту керек. Толық ақпарат 14 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін UFC кешінен кейін белгілі болады деп күтілуде.

«Шавкат туралы жаңалық керек пе? Шавкат жақын арада жекпе-жекке шығады. Мен UFC Noche аяқталмайынша ештеңе айтпаймын», - деді Уайт Instagram желісіндегі стрим кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов өткен жылдың желтоқсан айында екінші раундта Стивен Томпсонды тұншықтыру арқылы жеңгеннен бері жекпе-жек өткізбеген болатын. Осыдан кейін ол жарақатын емдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары