Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 21 спорт түрінен 216 спортшы бақ сынады.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан 114 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның ішінде, 44 алтын, 33 күміс және 37 қола, деп мәлімдеді ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі.
Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 21 спорт түрінен 216 спортшы бақ сынады. Соңғы жарыс күні ұлттық құрама қоржыны 25 медальмен толықты. Оның ішінде, 11 алтын, 9 күміс, 9 қола жүлде.