$ 478.96  533.03  5.22

Қазақстандық балуан Загребте өткен Гран-при ойындарының жеңімпазы атанды

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Отандасымыз Шерзод Давлатов Хорватия астанасы Загребте басталған Гран-при кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық құрама дзюдошысы (60 кг) финалда әзірбайжандық қарсыласы Ахмад Юсифовты жықты. Бұл оның Гран-при турнирлеріндегі алғашқы медалі екенін айта кетейік.

Күндізгі сессиядағы іріктеуде Шерзод Израиль, Мажарстан және Украина палуанын ұтқан. Ал жартылай финалда француз Энцо Джинді жеңді.

Еске сала кетейік, Давлатов 2021 жылы қазанда жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынап, қола жүлдеге ие болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары