$ 494.87  520.65  4.91

«Не істейтінімді жақсы біледі»: Жәнібек Әлімханұлы батыл жазба жариялады

Лара менімен ешқашан жұдырықтаспайды.

Фото: sport12.kz
Фото: sport12.kz

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кубалық боксшыны Эрисланди Лараны (31-3-3, 19 KO) бірнеше рет жекпе-жекке шақырды.  Бірақ кубалық келмеген соң, оны "қорқақ" деп айыптады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Лара бүгін АҚШ-та Альварес – Берланга жекпе-жегінің картында жұдырықтасып, Дэни Гарсияны жеңген болатын. Оның еншісінде WBA чемпиондық белбеуі бар.

"Лара менімен ешқашан жұдырықтаспайды. Өйткені мен онымен рингте не істейтінімді жақсы біледі. Әдетте чемпиондар чемпионды жекпе-жекке шақырады. Ал, Лараның мені жекпе-жекке шақыруға батылы жетпейді", – деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, қазақ боксшысы кубалықты соңғы бірер жылдан бері жекпе-жекке шақырып келеді. Алайда, Эрисланди Лара Жәнібекке мүлдем жауап бермеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары