15.09.2024, 19:30

Дэвис кубогы-2024: Теннистен ел құрамасы жанкүйерлерін жерге қаратты

Фото: ktf.kz

Есеп - 3:0.

Теннистен Қазақстан құрамасы Даниядан өз алаңында таза ұтылып, тобы бойынша бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының I әлемдік тобы аясында Данияға қарсы үшінші кездесуін өткізді (14-15 қыркүйек, Beeline Arena, Астана). Александр Бублик пен Александр Недовесов жұбы 6:7, 3:6 есебімен екі сетте де даниялық Хольмгрен мен Ингильдсенге жол берді, деп жазады sportarena.kz.

Үш кездесуде де даттықтар оқ бойы озық шықты. Есеп - 3:0. Осылайша Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының финалына арналған жолдаманы сарапқа салатын іріктеу ойындарына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Қазақстан 11 жылда алғаш рет Дэвис Кубогында өз алаңында ұтылып тұр. Енді біздің теннисшілер әлемдік II топта өнер көрсетеді.