$ 494.95  525.49  5.05

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Азия чемпионатына қатысады

Әуелі боксшыларымыз 29 қыркүйек пен 5  қазан аралығында өтетін Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған ірі халықаралық бәсекеге қатысады.

Фото: ҚР Спорт және туризм министрлігі
Фото: ҚР Спорт және туризм министрлігі

Бокстан Қазақстан құрамасы Иорданияның Амман қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай бастаған Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады.Әуелі боксшыларымыз 29 қыркүйек пен 5  қазан аралығында өтетін Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған ірі халықаралық бәсекеге қатысады. Бұл турнир  турнир ұлттық құрама боксшылары үшін алдағы Азия біріншілігіне іріктеу болады. Бұл халықаралық турнирге Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан сынды мемлекеттерден спортшылар келеді. 

Айта кетейік, Азия чемпионаты 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында өтеді. Азия біріншілігіне қатысатын кейбір салмақтардағы спортшылар осы Қарақозы Әбдәлиев турнирінен соң анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары