$ 484.11  528.79  5.03

Ұлттық құраманың екі бірдей боксшысы салмақ ауыстырды

Махмұд Сабырхан 54 келіде күш сынап көреді.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Бокстан Амманда өтетін Азия чемпионаты қарсаңында танымал қазақстандық боксшылар салмақ ауыстырды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі боксшының салмақ ауыстырғаны жөнінде құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.  

«Азия чемпионатына ең мықты деген боксшыларды апарамыз. Құрлық додасы қарсаңында біраз боксшының салмақ дәрежесі ауыспақ. 48 келіде Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов арасында өзара мықты атанған боксшыларға басымдық береміз.

Махмұд Сабырхан да 54 келіде күш сынап көретінін айтты. Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Қамшыбек екеуін бақылаймыз, егер Қоңқабаевтың салмағы аздау боп жатса, 92 келіге түсірерміз. Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Салмақ бойынша осындай жаңалықтар бар», - деді бапкер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары