17.09.2024, 15:40

Атырау жұрты Демеу Жадыраевқа қымбат сый жасады

Фото: instagram.com/tugayev.arman/

Қасқыр мінезді Демеу бауырыма қасқыр терісінен шапан. 

Грек-рим күресінен Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа атыраулық кәсіпкерлер қасқыр терісінен жасалған шапан жапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атыраудағы Oil Capital Cup турниріне құрметті қонақ ретінде шақырылған Демеу Жадыраевқа қасқыр терісінен тігілген шапан жауып, құрмет көрсетті. Бұл туралы атыраулық кәсіпкер, әрі Атырау күрес федерациясының басшысы Арман Тұғаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

“Қасқыр мінезді Демеу бауырыма қасқыр терісінен шапан” – деп жазды кәсіпкер.

Сондай-ақ Демеумен бірге Атыраудағы турнирге қырғыз күресінің аңызы Ақжол Махмұдов та құрметті қонақ ретінде келіп, жастармен кездесу өткізді.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмұдов Париж олимпиадасының ширек финалында жолығып, Жадыраев 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.