$ 494.87  520.65  4.91

Ресми! Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі туралы толық ақпар шықты

Бұл кездесуде тек IBF чемпиондық титулы сарапқа салынбақ.

Фото: Janibek_qazaqstyle парақшасынан
Фото: Janibek_qazaqstyle парақшасынан

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін Жаңа Зеландия спортшысы Андрей Михайловичке (21-0, 13 KO) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

No Limit Boxing промоутерлік компаниясының мәліметінше, жекпе-жек 4 қазанда Сиднейде (Аустралияда) өтеді. Бұл кездесуде тек IBF чемпиондық титулы сарапқа салынбақ.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) жұдырықтасуы керек еді. Алайда қазақстандық боксшы салмақ өлшеу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан, кездесу өтпеді.

Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылы қазанда шаршы алаңға шықты. Ол Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал Михайлович биыл сәуірде аустралиялық боксшы Лес Шеррингтонды бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтқаннан кейін әлі жекпе-жек өткізген жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары