$ 495.2  522.34  4.94

3 бөлмелі пәтер, ақшалай сертификат: Астанада Паралимпиада жүлдегерлері марапатталды

Қазақстан құрамасы Париж Паралимпиадасында 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 39-орынға тұрақтады.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарынан жүлдемен оралған елордалық спортшылар мен олардың бапкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жеңіс Қасымбек Паралимпиада жүлдегерлерімен кездескені туралы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Астана әкімі дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 30 миллион теңге ақшалай сыйақы табыстаған. Ал спортшының жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 миллион теңге берілген.

Сондай-ақ пара дзюдодан күміс жүлде иеленген Ерғали Шәмейге 2 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 миллион теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 миллион теңге табыс етілді. Жеңіс Қасымбектің жазуынша, ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан берілді.

"Біз өз тарапымыздан спортшыларымызға қолдау көрсетуді ары қарай да жалғастырамыз, сол сияқты қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартып, бұқаралық спортпен шұғылдану үшін, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне тиісті жағдай жасаймыз және т.б.", - деп жазды Астана әкімі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париж Паралимпиадасында 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 39-орынға тұрақтаған еді. Бұл ел Паралимпиадасы тарихындағы рекордтық көрсетекіш саналады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары