$ 479.23  534.96  5.16

Қазақстан футзалдан Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді (ВИДЕО)

Енді Қазақстан құрамасы плей-офф сатысында С тобының жеңімпазымен (Португалия немесе Морокко) жолығады.

Фото: KFF
Фото: KFF

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, алғашқы екі турдың нәтижесі бойынша D тобынан  Қазақстан мен Испания құрамалары плей-офф сатысына шығып қойған.

Алайда, топтағы бірінші орын үшін екі құрама да үшінші турда өз қарсыластарын ірі есеппен жеңуі қажет еді.

Нәтижесінде, Испания Ливияны 8:0 есебімен жеңсе, Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны 10:0 қылды. Бірақ топтағы жетекшілік Испанияның еншісінде қалды.

Қазақстанның Жаңа Зеландиямен кездесуінде Ринат Төреғазин 8, Ақжол Дәрібай 11, Арнольд Кнауб 14, 15, 20, 22, 36, Лео Жарагуа 21, 29-минутта гол соқса, 30-минутта Жаңа Зеландия сапынан Логан Висневски автогол авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары