$ 478.93  534.96  5.16

Бокстан Қазақстан командасының бапкерлер құрамы жасақталды

Бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады.

Фото: Instagram/boxingkazakhstan
Фото: Instagram/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құраманың жаңарған бапкерлер құрамын таныстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бірнеше күн бұрын Олимпиададан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріскен ұлттық құрамамен қазіргі уақытта Қайрат Сәтжан бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс жүргізуде. Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды.

Команданың бапкерлер құрамы: 

1. Қайрат Сәтжан — бас жаттықтырушы

2. ⁠Асқар Еркебаев — аға жаттықтырушы

Жаттықтырушылар:

3. ⁠Ілияс Оралбеков

4. ⁠Нұркен Андасов

5. ⁠Азамат Мақажанов

6. ⁠Талғатбек Жакпеков

7. ⁠Нұржан Насанов

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесуде.

Айта кетелік, жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсан айында өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары