25.09.2024, 17:20

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын көрсетті

Фото: instagram/kuat_khamitov

Қуат Хамитов Instagram желісіндегі ресми парақшасында дайындық барысынан фотолар жариялаған.

ММА файтері Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінің қарсаңында қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Найман" лақапатымен танымал Қуат Хамитов 3 күннен кейін бокстағы дебютті жекпе-жегін өткізеді. 28 қыркүйекте Алматыда Қуат Хамитов аралас жекпе-жек шебері Нұрберген Шәріповпен жұдырықтасады. Бұл бәсеке Нұрберген Шәріпов үшін де шаршы алаңдағы дебют болмақ. 

Қуат Хамитов Instagram желісіндегі ресми парақшасында дайындық барысынан фотолар жариялаған.

Ал осы фотоның астына қарсыласы Нұрберген Шәріпов: "Сенің құлауыңа 5 күн қалды", - деп пікір қалдырған.