Рамазан Оразов 90+3 минутта гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық "Силькеборг" сапындағы екінші голын соқты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кеше, 25 қыркүйекте "Силькеборг" клубы Дания ұлттық кубогының 1/16 финалдық кезеңі аясында "Роскилле" командасымен сырт алаңда ойын өткізді. Аталмыш кездесу "Силькеборг" клубының жеңісімен аяқталды. Бұл кездесуді Рамазан Оразов қосалқы құрамда бастады. Қазақстандық футболшы командаласы Юнес Бакиздің орнына 73-минутта алаңға шықты.
Сондай-ақ Рамазан Оразов 90+3 минутта гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Рамазан Оразов "Силькеборг" сапындағы бірінші голын салды. Ойынның нәтижесі бойынша "Силкеборг" 3:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Айта кетейік, Рамазан Оразов биыл маусым айының соңында "Ақтөбемен" қош айтысып, даниялық "Силькеборгтың" сапына қосылған болатын.