Ол осы уақытқа дейін жеңілмеген.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад келесі жекпе-жегін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа қарсы өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мен Шавкатпен жекпе-жек өткізгім келеді. Ол осы уақытқа дейін жеңілмеген. Егер мен оны жеңсем, ешкім артық сылтау айтпайды. Ал Усманмен кездесу маған ондай әсер бермейді. Усман үш жекпе-жекте қатарынан жеңілді, жасы келген. Менің ойымша, ол үміткерлер қатарына оралу үшін тағы бір жеңіске жетуі керек. Ол әлі де құлшынысы мен талабы бар екенін дәлелдеуі тиіс. Менің ойымша, келесі кездесуім Шавкатпен өтеді. Мысалы, Иан Гэрри тіпті титулға таласуды сұрамай отыр, ал Делла Маддалена әлі де жарақатынан айықпаған, сондықтан таңдау Шавкат пен Усманға түседі. Ал осы екеуінің ішінде Шавкатпен жекпе-жек өткізгім келеді. Мен тек қоңырау күтемін. Залда жаттығып, өз деңгейімді арттырып жатырмын. UFC маған қашан хабарласса, сол кезде "иә" деп жауап беремін. Мен кез келген уақытта жекпе-жек өткізуге дайынмын", – деді Белал Мухаммад.