Бұл – Жиенбаеваның спорттық мансабындағы ересек әйелдер туры аясындағы екінші жеңісі.
18 жастағы қазақстандық спортшы Соня Жиенбаева (781 WTA) Мадридте өткен ITF World Tennis Tour W 15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Финалда Жиенбаева ұлыбританиялық Элис Гилианды (668 WTA) 6:1, 5:7, 6:1 есебімен жеңді. Бұған дейін спортшы турнирдің бірінші, үшінші және бесінші ракеткаларын да жеңді.
2024 жылы 30 қыркүйекте, дүйсенбіде WTA-ның жаңартылған рейтингісінде Соня Жиенбаева өзі үшін рекордтық орынға, яғни 753-ке бір-ақ көтеріледі. Бұл – Жиенбаеваның спорттық мансабындағы ересек әйелдер туры аясындағы екінші жеңісі. Ол бұған дейін Антальяда өткен турнирде жеңімпаз атанған.