$ 481.84  531.33  5.07

Футболшылардың айлығын футзалшыларға беру керек – Қуат Хамитов

Қазақстан құрамасының әлем чемпионы атануына сәттілік серік болсын деп тілеймін!

Фото: esquire.kz
Фото: esquire.kz

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов Қазақстан футзал құрамасының әлем чемпионатындағы жетістігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал спортшы Қуат Хамитов футзалдан Қазақстан құрамасының нәтижесінен футболшылардың үлгі алу керектігін айтып, Ұлттық құрамаға әлем чемпионы атануына тілектес екенін жеткізді.

“Расында, футболға қарағанда футзалшыларымыздың нәтижесі әлдеқайда жақсырақ. Олар халықтың ақшасын ақтап жатқаннан кейін басқа федерацияның басшыларына үлгі болу керек. Ақша аз алып жатса да, әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, Португалия сияқты әлем чемпиондарын ұтып жатыр. Үлкен футболдың ақшасын азайтса, бәлкім нәтижелері жақсаратын шығар.Футболшыларымыз футзалшылардан үлгі алуы керек. Егер футзалшыларымыз осы әлем чемпионатында жеңімпаз атанса, футболшылардың айлықтарын футзалшыларға беріп, футзалшылардікін керісінше футболшыларға беру керек. Қазақстан құрамасының әлем чемпионы атануына сәттілік серік болсын деп тілеймін”, – деді Хамитов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары