$ 481.84  531.33  5.07

Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан халықаралық жарысты жеңіспен бастады

Боксшылар Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Шымкентте өтіп жатқан халықаралық турнирдің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Боксшылар Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр.

48 келіде жұдырықтасатын Санжар Тәшкенбай бірінші кезеңде  алматылық Сүлеймен Тілеубердімен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

54 келіде бақ сынайтын Махмұд Сабырхан Алматы облысының өкілі Тимур Кенжеақыннан басым түсті. 

Шымкенттегі халықаралық турнир 6 қазанға дейін жалғасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары