$ 481.84  531.33  5.07

Футзал: Қазақстан құрамасы Аргентинадан ірі есеппен жеңіліп қалды

Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездесті.

Фото: KFF
Фото: KFF

Бүгін, 30 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалында Аргентинадан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында бірінші кезеңде қос құраманың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен қарсыластар ол мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алған жоқ. Екінші кезеңде аргентиналық футзалшылар қатарынан төрт гол соғып кетті. Оны Матиас Роза 21, Анхель Клаудино 26, Кевин Арриета 32, Себастьян Корсо 32-минутта өзінің еншісіне жазды. 

Ойынның 35-минутында Дәурен Тұрсағұлов айып алаңында қолмен ойнап, алаңнан қуылды. Қазақстан құрамасы қақпасына белгіленген пенальтиден аргентиналық Кевин Арриета мүлт кеткен жоқ. Ал, қазақстандық Дәурен Тұрсағұлов 33-минутта есеп айырмасын қысқартса, аргентиналық Лукас Боло-Алемани 33-минутта есепті үстемелей түсті. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:6 есебімен есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездесті. Алғаш рет 2016 жылы әлем чемпионатында ел құрамасы оларға 0:1 есебімен есебімен есе жіберсе, биыл қыркүйек айында жолдастық кездесуде 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Енді Аргентина құрамасы 3 қазанда жартылай финалда Франциямен ойнайды.

Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары