01.10.2024, 13:20

Зайнутдинов жаңа маусымда алғаш рет алаңға шықты

Фото: sports.kz

Бұған дейін қазақстандық ойыншы алаңға шыға алмай келген еді.

Қазақстандық футболшы Бахтияр Зайнутдинов жаңа маусымда алғаш рет ойынға шықты. "Бешикташта" ойнайтын отандасымыз "Кайсериспор" командасына қарсы матчтың соңғы минуттарында доп тепті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ыстамбұлдық команда ойында 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Бахтияр ойында дубль жасаған Чиро Иммобиленің орнына шықты. Бұған дейін команданың бас жаттықтырушысы Джованни ван Бронкхорст қазақстандық ойыншыны алаңға шығармай келген еді. 

"Бешикташ" қазіргі таңда 16 ұпаймен 3-орында келеді. Көш басындағы "Галатасарайда" 19 ұпай бар. 

Бахтияр Зайнутдинов "Бесіктасқа" өткен жылы Мәскеудің ЦСКА командасынан ауысып келген болатын.