02.10.2024, 16:20

Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото:Оdo-kures.kz/

Финалда ол Иран елінің өкілі Айназ Насириге есе жіберді.

Қазақстандық таеквондошы Нұрай Қазнабек жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Таэквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз 59 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп,  екінші орыннан көрінді. Финалда ол Иран елінің өкілі Айназ Насириге есе жіберді. Ал үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті.

Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушылары: Н. Жанбиров пен Ж. Бекқасымов.