Бірінші жекпе-жегін де ол дәл осындай жеңіспен бастаған еді.
Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Абдалиев атындағы халықаралық турнирде 57 келіде өнер көрсетіп жатқан Махмұд Сабырхан Қырғызстаннан келген қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алғашқы жекпе-жегін де Сабырхан техникалық нокаутпен аяқтаған болатын. Ол кезде жергілікті боксшыны бүйірден ұрып тоқтатса, бүгін қырғыз Елхан Молдогазиевті бас көтертпей сабады.
Жекпе-жек бастала салысымен басымдықты өз қолына алған әлем чемпионы қарсыласына еш мүмкіндік бермеді: бұрыштан бұрышқа қуалап соққылар сериясын жаудырды. Төреші алдымен нокдаун санаса, артынша кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.