$ 489.06  536.21  5.05

Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Осылайша отандасымыз Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. 

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында  өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болып, үздік үштіктен көрінді. 60 келіге дейінгі салмақта Орынбасар жұбаныш айналымында италиялық Винченцо Манферлоттиді таза жеңіп, қола жүлде үшін белдесуде Әзербайжаннан келген Низами Имрановтан басым түсті. Осылайша отандасымыз Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. 

Айта кетейік, 66 келіге дейінгі салмақтағы Мағжан Әлжановтың да үшінші орынға таласуға мүмкіндігі болған еді. Алайда ол жұбаныш айналымында қарсыласы италиялық Алессио Де Лукеге есе жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары